ЕуроОдақ ресейліктерге виза беру ережесін одан әрі қатаңдатпақ

Еуропалық одақ Ресей азаматтарына арналған визалық ережелерді одан сайын қатаңдатпақ. Politico басылымының хабарлауынша, визалар тек «бір реттік» шенген визалары түрінде ғана берілетін болады.

ашық дереккөз

Астана, NEGE. Бұл жаңа шара Украинаға қарсы «жалғасып жатқан агрессиясы» үшін Мәскеуді «жазалау» әрекеттерінің бір бөлігі болмақ. Жоспарға сәйкес, Ресей азаматтарына көп реттік шенген визаларының орнына тек «бір реттік» визалар ғана берілетін болады.

Еуропалық комиссия бұл өзгерісті осы аптада ресми түрде жариялайды. Құжатта гуманитарлық себептер бойынша немесе ЕО-ға мүше мемлекеттердің азаматтығына ие адамдар үшін кейбір ерекшеліктер қарастырылмақ.

Сонымен қатар визаларды беру туралы шешімді Еуропалық одақ елдерінің ұлттық билігі қабылдайды.Себебі, Еуропалық комиссия визалық процесті күрделендіре алғанымен, Ресей азаматтарына виза беруге толық тыйым салу құқығына ие емес.

2022 жылы ЕО Ресеймен визалық режимді жеңілдету туралы келісімнің күшін тоқтатқан болатын, кейіннен Ресей азаматтарына виза беруге қатысты қатаң шектеулер енгізуді көздейтін жаңа ережелер әзірледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр