1 ноября 2024 г. 17:42
Еуроодақ Қытайдың Temu сауда платформасына қарсы тергеуді бастады
Еуропалық одақ цифрлық қызметтер (DSA) туралы заңды бұзды деген күдікпен Қытайдың Тemu сауда платформасына қатысты ресми тергеуді бастады.
Алматы, NEGE. Еуроодақтың айтуынша, платформада құрамы қауіпті контрафактілік тауарлар, фармацевтикалық препараттар, косметика және ойыншықтар сатылған.
Сайттан шығарылған тауарлар қайта пайда болған. Комиссия одан бөлек платформаның маркетингтік стратегияларын сынға алды. Мұнда интерактивті тапсырмалар, конкурстар және сатып алу процесін қызықтыратын басқа тәсілдер пайдаланушыларды көбірек ақша жұмсауға ынталандырады.
Егер Temu-дың заң бұзғаны анықталса, компания үлкен айыппұл төлеуі мүмкін.