Еурокомиссия денсаулық сақтау саласына қатысты жаңа бағдарлама ұсынды

Еурокомиссия денсаулық сақтау саласын қолдауға бағытталған жаңа бағдарламаны ұсынды. Оған сәйкес, интенсивті терапияға қажетті дәрі-дәрмек пен медициналық жабдықтың тұрақты қорын құру көзделген.

Алматы, NEGE. Бұл маскалар, тест жинақтары мен өкпені жасанды желдету аппараттарының тапшылығын болдырмау үшін жасалып отыр. Өйткені бұл мәселе Кәрі құрлықта соңғы жылдар бойы ушығып келеді. Ал, пандемия бұл түйткілді одан да бетер өршітіп жіберген. Жаңа бағдарламаның құны шамамен 10 миллиард еуро.

Енді оны Еуроодаққа мүше елдердің барлығы мақұлдаса, жоба келесі жылдың басында жүзеге асырылады. Стелла Кириакидес, Денсаулық сақтау жөніндегі еурокомиссар: - Болашақта осындай қауіп-қатер туындаса, біз өз азаматтарымызды қорғауға дайын болуымыз керек. Барлық қажетті жеке қорғаныс құралдары, дәрі-дәрмек, медициналық құрылғылар қолжетімді болуы тиіс. Сонда медицина қызметкерлері құрылғы тапшылығына байланысты науқастар арасында таңдау жасамайды. Осы бағдарламаның арқасында дағдарыс кезінде қолдануға болатын стретегиялық қор құрылады.

Қазір оқып жатыр

Назарбаев пен Шодиевтің 2,2 млрд теңге тұратын Алматыдағы үйге қатысы бар ма?

ІІМ алаяқтықтың жаңа тәсілі таралып жатқанын ескертті

Сауд Арабиясы Тоқаевтың бітімгерлік келіссөздерді Түркістанда өткізу бастамасына пікір білдірді

Air Astana ұшақтары Дубайға сәуірдің аяғына дейін ұшпайтын болды