Еурокомиссия басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді
Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко биыл елімізге Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен жұмыс сапарымен келетінін хабарлады.
Алматы, NEGE. «Биыл біз Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл сапардың Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынасқа 30 жыл толуына тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар», - деді Сыртқы істер министрінің орынбасары.