Еуро күрт қымбаттады

KASE қор биржасында еуро бағамы айтарлықтай қымбаттады.

Алматы, NEGE. Еуро бағамы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15.30-да 502 теңге болды. Бұл кешегі сауда-саттықпен салыстырғанда үш теңгеге артық. Ал доллар бағамы сағат 17.00-де 429,58 теңге болды.

29 қыркүйектегі таңертеңгі сессияның қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 429,40 теңге болған еді.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 505,04 теңге сатылып жатыр, ал сатып алу - 502,39 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында еуроны орташа есеппен 504,08 теңгеден сатып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?