EURO 2020: Ресей жарыс жолынан шықты

ЕУРО-2020 футбол додасының үшінші кезеңі аясында 4 бірдей матч өтті.

Алматы, NEGE. «Б» тобында Ресей құрамасы Даниядан ойсырай жеңіліп, жарысты осы жерден тоқтатты. Есеп 1:4. Финляндия да Бельгия құрамасынан айласын асыра алмай, 0:2 есебімен есе жіберді. «Ц» тобында Нидерланд Солтүстік Македонияны сенімді түрде 3:0 есебімен жеңді. 24-минутта Мемфис Депай есеп ашса, 51-минуттан кейін Жоржиньо Вейналдум дубль жасады.

Украина Австрияға қарсы терезесі тең ойын көрсеткенімен 0:1 есебімен ұтылды. Бірінші таймда басынан жарақат алған Кристоф Баумгартнер жалғыз гол авторы атанды. Бірақ украиналықтардың келесі кезеңге шығатыны немесе шықпайтыны үшінші кезең матчтары толық аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Қазір оқып жатыр

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді

Мотокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтеді

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды