Еуро-2024: Қазақстан құрамасы футболдан Данияны ұтып кетті

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында бүгін Қазақстан құрамасы өз алаңында Даниямен кездесті.

Алматы, NEGE. Футболдан Қазақстан құрамасы іріктеу турнирінің 2-турында Данияны 3:2 есебімен жеңді.

Құрама сапынан Бахтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген, Абат Айымбетов гол соқты.

Екі команда бұған дейін төрт мәрте кездескен-ді. Оның барлығында даниялық футболшылар жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан алдағы ойынын 16 маусымда сырт алаңда Сан-Мариноға қарсы өткізеді.