Еуро-2020: Польша-Словакия 1:2
Словакия аяқдопшылары Польша құрамасын қапы қалдырды. Есеп: 2:1.
Алматы, NEGE. Футболдан Еуропа чемпионатының төртінші күні осындай нәтиже тіркелді. Қос команда да Е тобында сынға түсті. Жалпы қарсыластар бір-бірінің осал тұсын жақсы білетін. Себебі жасыл алаңда бұған дейін сегіз мәрте кездескен. Алайда осы жолғы жолығу соңғы 7 жылдағы тұңғыш ойын еді. Бұл жолы да ала допты ұршықша иірген Словакия спортшылары намысты қолдан бермеді.
ИСПАНИЯ – ШВЕЦИЯ 0:0 Ал Испания мен Швеция құрамалары ит-жығыс түсті. Бір-бірінің қақпасын ұзақ аңдыған қарсыластар 0:0 есебімен тең тарқасты.
ШОТЛАНДИЯ – ЧЕХИЯ 0:2 Сондай-ақ кеше жасыл алаңда Д тобындағы Чехия мен Шотландия жолықты. Аталған ойында Чехиялықтар қарсыластың қақпасына 2 жауапсыз гол соғып, кездесу жеңімпазы атанды. Осылайша олар көптен бері айласын асыра алмай жүрген Шотландия футболшыларынан есе қайтарды.