EURO-2020: Нидерланды мен Украина матчінде бес гол соғылды

13 маусымда, Украина құрамасы Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің бірінші турында Нидерланды футболшыларынан жеңілді.

Алматы, NEGE. С тобының матчі Амстердамдағы «Йохан Кройф Аренада» өтті. Ойын барысында голландиялықтар 2:0 есебімен жеңіп жатты - Джорджиньо Вейналдум (52-минут) мен Ваут Вегхорст (58) көзге түсті.
 Бірақ кейін украиналықтар таразы басын теңестіріп тастады. Андрей Ярмоленко (75-минут) мен Роман Яремчук (79) гол соқты. 
Тек матч соңына қарай Нидерланды құрамасы жеңісті жұлып әкетті. 85-минутта Дензел Дюмфрис қанжығасын майлады. Бес голд да екінші таймда соғылды.  
Бұған дейін С тобында Австрия құрамасы Солтүстік Македонияны 3:1 есебімен жеңген болатын.  

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?