Еуро-2020: Финалда Италия мен Англия ойнайды
Кеше т
үнде Лондондағы «Уэмбли» стадионында Англия құрамасы Данияны жеңіп, финалға шықты.
Алматы, NEGE. Негізгі уақыт 1:1 есебімен тең аяқталды. 30-минутта даттардың шабуылшысы Миккель Дамсгор айып алаңынан гол соқты. Тоғыз минуттан соң ағылшындар есепті теңестірді. Даниялық қорғаушы өз қақпасына гол соғып алды.
Офертаймда Данияның тағдырын пенальти шешіп кетті. Рахым Стерлинг айып алаңында құлап түскенде пенальтиді Харри Кейн тепкен. Қақпашы оның добын қайтарғанымен, ағылшын шабуылшысы екінші екпінмен бәрібір гол соғып кетті.
Осылайша Англя құрамасы екінші финалист атанды. Енді Англия мен Италия құрамасы финалда 11 шілде күні «Уэмблиде» ойнайды.