EURO-2020: Англия үш матчте екі гол соқты

22 маусымда футболдан Еуропа чемпионатының үшінші турындағы кезекті матчтер өтті.

Алматы, NEGE. D тобындағы ойында Хорватия мен Шотландия кездесті. Ойын Глазгодағы «Хэмпден Парк» стадионында өтті. Хорваттар қарсыласын 3:1 есебімен жеңді. Хорватия сапында Никола Влашич (17-минут), Лука Модрич (62) пен Иван Перишич (77) гол соқты. Ал шотландиялықтардың жалғыз голын Каллум Макгрегор (42-минутта) салды. 

Модричтің голы әдемі болды. Жартылай қорғаушы айып алаңына енер тұста қақпа бұрышын дәл көздеді.  Лондонда D тобының екінші матчі өтті. Англия құрамасының футболшылары Чехияны 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз допты 12-минутта Рахим Стерлинг соқты. 

3 матчта 2 гол ғана соққан Англия құрамасы 7 ұпай жинап, топтан бірінші орынмен шықты. 4 ұпай еншілеген Хорватия екінші орын алды. Дәл осынша ұпайы бар Чехия үшінші орында. Бұл екі құрама да плэй-офф кезеңіне шықты. Шотландия бір ғана ұпаймен топта соңғы орын алды.  

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды