Еуро-2024: Немістер плей-офф кезеңіне өтті

Кеше футболдан Еуро-2024 кезекті ойындары өтті. Германия Швеция құрамасын жеңе алмады. Бірақ немістер өз тобынан плей-оффқа бірінші орынмен шықты.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қызық болғанда, бірінші голды шведтер соқты. Дан Ндойе ойынның 28-минутында неміс қақпасына гол соқты. Бұл ойында немістер фаворит саналғанымен, швед қақпасының кілтін ұзақ уақыт бойы таба алмады. Тек қосымша уақытта ғана (90 2) Никлас Фюллькург есепті теңестіріп, командасын жеңілістен сақтап қалды.

Осылайша немістер жеті ұпай жинап, өз тобынан плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты. Бес ұпай алған шведтер де келесі кезеңге өтті. 

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады