Euro-2024: Испания құрамасы Хорватияны ойсырата жеңді

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының екінші ойын күнінде Испания құрамасы Хорватияны ойсырата жеңді.

championat.com

Алматы, NEGE. В тобында ойнайтын испаниялық футболшылар алғашқы кездесуінде жинақы қимыл көрсетті. Ойынның 29-минутында испаниялық Альваро Морато есеп ашса, Фабиан Риус 32-минутта басымдықты арттырды. Ал 47-минутта Даниэль Карвахаль мергендік танытты.

Осылайша Испания қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсті. Сондай-ақ, бүгін сағат 23:55-те аталған топта Италия мен Албания құрамалары кездеседі.

Айта кетсек, А тобында Венгрия құрамасы Швейцарияға 1:3 есебімен жол берді.

Кеше, 14 маусымда Германия Шотландияны 5:1 есебімен жеңді.

Құрлықтық дода ойындары Германияның Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Майндағы Франкфурт, Гельзенхиркен, Гамбург, Кёльн, Лейпциг, Мюнхен, Штутгарт секілді қалаларында өткізіледі.

Құрлықтық дода 14 шілдеде мәресіне жетеді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?