EURO 2024: Бүгін 1/8 финалда тағы екі ойын болады

 Сағат 21.00-де Англия мен Словакия бақ сынасады. 

championat.com

Алматы, NEGE. Кездесу Гельзенкирхен қаласындағы «Фельтинс-Арена» стадионында өтеді.

С тобында сынға түскен Англия Сербияны 1:0 есебімен жеңсе, Даниямен 1:1, Словениямен 0:0 есебімен тең ойнады.

Ал Словакия E тобында Бельгияны 1:0 есебімен жеңіп, Украинаға 1:2 есебімен есе жіберсе, Румыниямен 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Қазірге дейін құрамалар 6 мәрте кездессе, 5-де Англия жеңіп, 1-де тең нәтиже тіркелді.

Ал 00.00-де Испания мен Грузия кездесуі басталады.

Ойын Кёльн қаласындағы «Райн-Энерги» стадионында өткізіледі.

В тобында ойнаған Испания Хорватияны 3:0, Италия мен Албанияны 1:0 есебімен жеңді.

F тобында ойнаған Грузия құрамасы Түркияға 1:3 есебімен жеңілсе, Португалияны 2:0 есебімен тізе бүктіріп, Чехиямен 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Қос қарсылас өзара 6 мәрте кездеcсе, 5-де Испания, 1-де Грузия басым түскен.

Ойындар «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Президент Снежанна Имашеваны отбасы омбудсмені етіп тағайындады

ІІМ референдум қарсаңында ел тұрғындарына үндеу жасады

Жеңілдетілген ипотекаларға қарамастан, Қазақстанда баспана алу қиындай түскен

Түркістанда фельдшерлердің мәселесін көтерген азамат психиатриялық есепке заңсыз қойылған ба?