10 сентября 2022 г. 17:40
Этнограф Ақселеу Сейдімбекке арналған ескерткіш халықтың сынына ұшырады
Желі қолданушылары публицист, жазушы, этнограф Ақселеу Сейдімбекке арналған ескерткіштің суретін жариялады.
Алматы, NEGE. Ақселеу Сейдімбекке орнатылған ескерткіш халықтың сынына ұшырады. Қоғам қайраткерлеріне тұрпайы ескерткіш орнату еліміздегі алғашқы жағдай емес. Бұған дейін Дінмұхаммед Қонаевқа, Мұқағали Мақатаевқа орнатылған ескерткіштер де сынның астында қалған еді.
Белгілі болғандай, Ақселеу Сейдімбектің туған жері Жаңаарқада 80 жылдығы тойланып жатыр. Оған Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы арнайы келген. Ескерткішті де әкімнің өзі ашқан.