«Ethno5» тобы алғаш рет ән кешін өткізді
6 өнерпаздан құралған топтың құрылғанына бүгінде - 3 жыл. Ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен заманауи әндерді орындайтын ұжым «Апамның ертегілері» атты жобаның арқасында танысқан.
Ұлттық аспаптарымызбен заманауи музыка бір арнада тоғысты. Бұған себепші болған «Ethno5» ұжымы. Жас өнерпаздардан құралған топ қаламыздың арт кеңістіктерінің бірінде алғашқы кештерін ұйымдастырды.
Ендеше, «ұлттық музыкадан ұлтымыздың исі сезіліп тұру керек» деген топ мүшелеріне шығармашылық табыс тілейміз!