Есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болған

Жамбыл облысында есірткі тасымалдаушылар қылмысты жасыру үшін көліктерін өртеп жібермек болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Патрульдік полиция қызметкерлері кинолог мамандарымен бірлесіп, «Қарасора – 2024» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Алматы – Екатеринбург тасжолының 340-шақырымында Lexus ЕС 350 автокөлігін тоқтатқан.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында жолаушысы көлікке жанармай төгіп өртеп жібермек болған. Алайда полиция қызметкерлері өртті дер кезінде сөндірді. Аталған көлікті Лэтти атты қызметтік-іздестіру итімен тексеру кезінде артқы жүк салғышынан 4 полиэтилендік қапшыққа оралған өткір иісті, есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат салмағы 105 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды.

Есірткі затын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Түркістан облысының және Астана қаласының тұрғындары ұсталды.

Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазір оқып жатыр

Brent мұнайының баррелі 103,91 долларға дейін өсті

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады

Полицейлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлеріне ескерту жасады