Ескі қолсағатының қазіргі бағасын естіген адам шалқасынан түсті

АҚШ-та антиквариат көрмесіне келген адам 1974 жылы 345 долларға сатып алған  Rolex қолсағатының қазір қанша тұратынын естігенде шалқасынан түскен.

Алматы, NEGE. Сарапшы бұл сағат қазір аукционда 400 мың долларға бағаланатынын айтыпты. Ал сағатты мұқият тексерген соң, оның бағасы тағы өсіп, 500 мыңнан 700 мың доллар аралығында бағаланған.

АҚШ-та кең танымал «Антикварлық роудшоу» бағдарламасы елдің қолындағы ескі құндылықтарды іздеу мақсатында бүкіл Американы аралайды. Сол бағдарламаның біріне Солтүстік Дакота штатының тұрғыны Rolex Oyster Cosmograph қолсағатын әкелген. Оның айтуынша, 1975 жылы АҚШ әскери әуе күштерінде қызмет етіп жүрген кезінде бұл қолсағаттардың су астындағы қысымды жақсы көтеретінін естіп, құны бір айлығына тең сағатты сатып алған.

Қымбатқа түскен сағатты жұмысқа тағуға обалсынған ер адам оны 40 жылдан астам уақыт сейфте сақтап келген. Тіпті оның құжаттары мен қорабы, сатып алған чегін де жоғалтпаған. Өте жақсы жағдайда сақталған бұл сағаттың құны 46 жылда 2 мың есеге өсіп кеткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті