Ескі қалашық тұрғындарымен кездесу өтті

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев ескі қалашықтың тұрғындарымен кездесті.

Шымкент, NEGE. Жүздесу барысында тұрғындар аудан әкіміне өзекті деген мәселелерін жеткізді.

Қаламыздың ең үлкен даңғылдарының бірі саналатын Д.Қонаев жолайрығының салынуына байланысты туындаған қиыншылықтар ортаға салынды. Аудан әкімі жауапты мердігерлермен кездесіп, аталған мәселелердің 2-3 күннің ішінде шешімін табатынын айтты. Жолайрық құрылысы қала үшін маңызды жобалардың бірі екенін айтқан ол уақытша туындаған қиындықтарға тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырды.

Сондай-ақ, тұрғындар ескі қалашыққа 2 балалар алаңшасын салу жөнінде өтініштерін білдірді. Аудан әкімі бұл мәселені демеушілермен талқылап, жақын арада оң шешімін табатынын айтты.

Қазір оқып жатыр

115 мың қазақстандық Тоқаевтан жануарларды эвтаназиялау туралы заңға вето қоюды сұрады

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады