Ескерту! Бірқатар облыста жол жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде жол жабылды.

Алматы, NEGE. Елімізде қолайсыз ауа райына байланысты тағы бірнеше өңірде жол жабылды. Ақмола облысында «Екатеринбург – Алматы» автожолының 1291-1353 шақырымы жабылған. Бұл – Жалтыркөл ауылынан бастап Қарағанды облысының шекарасына дейінгі аралық. Сонымен бірге «Нұр-Сұлтан – Петропавл» жолының 18-231 шақырымы, яғни елордадан Щучинск қаласына дейінгі жол жабық. Қарағанды облысында да қатты аязға байланысты 2 қаңтар кешкі 18:00-ден бастап «Екатеринбург – Алматы» тасжолының 1353-1425 шақырымында, атап айтқанда, Ақмола облысы шекарасынан Теміртау қаласына дейін дизель қолданатын көліктің жүруіне рұқсат жоқ.

Дәл осындай шектеу «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» жолының 51-104 шақырымында да енгізіліп отыр. Одан бөлек, «Қызылорда – Павлодар» автожолының 1066-1135 шақырымы – Молодежный елді мекенінен Павлодар облысының шекарасына дейінгі аралық жабылды. Алматы облысында да осындай жағдай. Бүгін сағат 17:00-ден бастап «Алматы – Өскемен» тасжолының 558-615 шақырымында, Үшарал қаласынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін дизельмен жүретін және қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу қойылған. Сондай-ақ Павлодар облысында 2 қаңтар кешкі 18:00-ден бастап барлық бағыттағы жолдарда дизель қолданатын көліктер мен автобустардың жүруіне тыйым салынды.

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды