Ескерту! Батыста күн қатты ыстық болады

«Қазгидромет» РМК 4 шілде күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Өрт қаупі жоғары болады. Атырау қаласында күндіз 36-38 ыстық болжанады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде 38 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші күндіз 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді