Ескендір Хасанғалиев өмірден өтті

Қазақстандық әнші және композитор, Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев дүниеден озды. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты.

Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын", - деп жазды Нұрғиса Дәуешов.

Бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жары Дарико коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланды. Кейін әншінің ауыр халде жатқаны белгілі болды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?