Еске алу асына барып, індет жұқтырған

Ақмола облысында бір тәуліктің ішінде 22 адамнан (6 ер адам, 16 әйел) коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 10-ы –

 Көкшетау қаласының үлесінде.

Алматы, NEGE. Осылайша облыс бойынша коронавирусқа шалдыққандар саны 227 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті осындай мәлімет таратты. «Қауіпті вирусты жұқтырғандарға келетін болсақ, Көкшетау қаласында – 10 адам, Целиноград ауданында – 8 адам, Шортанды, Ерейментау, Бұланды және Егіндікөл аудандарында бір адамнан. Науқастардың дені 1962-1990-жылдар аралығындағы 6 ер адам мен 1950-1998 жылдар аралығындағы 16 әйел. Бұның төртеуі бұрын жұқтырғандармен байланыста болған тізім бойынша өтті. Егер санитар дәрігерлердің ұсынымдарына құлақ асса, көп адам вирустан аулақ болар еді» дейді ведомстводан.

Мекеменің баспасөз қызметінен атап өткендей, коронавирус жұқтырғандардың басым көпшілігі конаққа барған. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына жол жүру кезінде карантин шаралары сақталмағаны себеп болып отыр. Сонымен бірге, облыс орталығындағы «Шалқар» дәмханасына еске алу асына барғандар қауіпті вирусты жұқтырған. Жақын және әлеуетті байланыстарды анықтау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық тексеру тұрғылықты жері, жұмыс орны және басқа да ықтимал байланыс орындарында өтеді. «Ошақтар анықталғаннан кейін қорытынды дезинфекция жүргізіледі. Барлық науқастарға бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес, медициналық көмек көрсетіледі.Жұқтыру ошақтарында індетке қарсы іс-шараларды жоғарыда аталған аумақтар басқармаларының мамандары жүргізетін болады» деп толықтырды ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды