Эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық сәби көз жұмды
Орал қаласында эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық сәби көз жұмды.
Алматы, NEGE. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, дәрігерлер алған шараларға қарамастан, сәби 19 наурыз күні есін жимастан қайтыс болды. Аталған сәби 13 наурыздан бері қалалық көпбейінді ауруханада жасанды тыныс алу аппаратына қосулы болды. Жағдайы өте ауыр болғандықтан, ота жасалған жоқ.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиға бойынша барлық ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді. Ақпарат тек жәбірленуші тараптың рұқсатымен жария етілуі мүмкін.