Есірткіні жарнамалаған тұрғын қолға түсті

“Қарасора-2020” жедел шара барысында Атырау қаласында полиция қызметкерлері есірткі заттарын жарнамалаған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Департамент бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, Жамбыл облысы тұрғыны, қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінде есірткі заттары бейнеленген тауарларды сатқан.

62 жастағы тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 423-бабы 1-бөлігі “Есірткі, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау” бойынша хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.

Сот шешімімен сатушы адамға 150 АЕК мөлшерінде , яғни 416 700 теңге мөлшерінде айыппұл салынды. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар ұзағырақ өмір сүре бастады – Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстан тәулігіне рекордтық 1,5 млн баррель мұнай өндіруі мүмкін

Жақсылық Омарға рақымшылық жасалмайды – прокуратура

Ақмола облысында бөгет жарылды