Есірткі тасушы ұсталды

«Алматы облыстық ПД-ның есірткі бизнесіне қарсы басқармасы мен патрульдік полиция батальоны ірі көлемде есірткі тасымалдаушының жолын кесті» деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Алматы, NEGE. Алматы – Бішкек тас жолының 97 шақырымында «Понтиак» автокөлігі тоқтатылған. Тексеру барысында көліктен 4 келі 627 грамм марихуана, 5,52 гр гашиш табылған.

– Жамбыл облысының 43 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол таксиге жолаушы ретінде отырған. Бұрын да есірткі сақтағаны үшін қылмысты болған. Дерек тіркелді, Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды