2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Есірткі сатушы ұсталды

Көлік полицейлері есірткі жеткізу арнасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. “Қарағанды” станциясындағы көлік полицейлері жедел іс-шаралар нәтижесінде Балқаш қаласында марихуана мен гашиш есірткілерін жеткізудің ірі арнасын жойды. Солтүстік өңірге бағыт алған есірткі жолы Жамбыл облысынан басталған. Есірткі жеткізуші Жамбыл облысы Шу ауданының 55 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол 10 келі гашиш сатуды ұйымдастырған. Күдіктіні тінту кезінде оның жол сөмкесінен полиция қызметкерлері тағы 13 келіге жуық есірткі тәркіледі.