Есірткі айналымы қай өңірде көп?

ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Берікхан Нұрғалиев ІІМ ақпарат алаңында есірткі ең көп тәркіленген өңірлерді атады.

Алматы, NEGE. «Өңірлер бойынша айтсақ, синтетикалық есірткінің ең көп мөлшері есірткі зертханалары табылған өңірлерден тәркіленді. Ақтөбе облысында –36 келі, Қарағанды облысында – 16 келі және Алматы қаласында – 13 келі синтетикалық есірткі тәркіленді», - деді ол.

Берікхан Нұрғалиев мәліметі бойынша, жалпы есірткінің көп мөлшері жабайы карасора алқаптары анықталған өңірлерде тәркіленген.

«9 айдың қорытындысы бойынша, тәркіленген жалпы ескрткінің көлемі бойынша Түркістан облысы алда келеді – 5 тонна. Жамбыл облысында 3 тонна есірткі тәркіленді. Үшінші орында Шығыс Қазақстан облысы тұр. Ал Атырау облысында –17 келі, Батыс Қазақстан облысында – 23, шымкент қаласында – 57 келі есірткі табылды. Бұл ең аз көрсеткіш тіркелген өңірлер», – деді ІІМ өкілі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады