Есіл өзенінен кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды

Нұр-Сұлтандағы Есіл өзенінен кәмелетке толмаған қыздың денесі табылды.

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан полиция басқармасының баспасөз қызметі "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірінің астындағы суға белгісіз адамның батып бара жатқандығы туралы хабар 102 нөміріне 30 қыркүйек күні 7:41 уақытынды келіп түскендігін мәлімдеді.

“Шақыру бойынша оқиға орнына дереу полиция мен ТЖД жедел қызметкерлері жіберілді. Қайтыс болған кәмелетке толмаған қыздың денесін сүңгуірлер судың астынан алып шықты", – деді полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Оқиғаның анық мән-жайын полиция әлі нақтылаған жоқ.