Есіл ауданының әкімі ескерту алды

Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов Нұр-Сұлтандағы Абу-Даби Плаза саябағындағы жағдайға қатысты ескерту алды, деп хабарлады елорда әкімінің баспасөз қызметі.


Алматы, NEGE. «Саябақтың қазіргі күйі мен жұмыс қарқынының төмен болуына орай Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов пен мердігер ескерту алды. Барлық кемшіліктерді түзетуге уақыт берілді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Абу-Даби Плаза маңында орналасқан саябақ екі жыл бұрын ашылуы тиіс болатын.
«Желілік саябақ биыл ашылады. Саябақ аумағы 11 гектардан асады. 3,5 мыңға жуық ағаш отырғызылды. Аумақта балаларға арналған ойын алаңы, скейт-алаңы және т. б. орнатылды», - деді қалалық әкімдіктегілер.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді