Е.Сыдықов: ЕҰУ рейтингі жоғарылап келеді

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түлектерінің 80 пайызы жұмысқа орналасады. Бұл туралы аталған университеттің ректоры Ерлан Сыдықов айтты.

Алматы, NEGE. «Жалпы кез келген қоғамның, мемлекеттің басты құндылығы – ол адами капитал. Адами капиталды қалыптастыратын жер оқу орындары саналады. Сондықтан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтырдан бастап осы мәселеге айрықша көңіл бөліп отыр. Былтыр алдағы 4 жылдың ішінде мектеп мұғалімдерінің жалақысы 2 есе көтерілсін деген талап қойды. Міне ол қазір іске асырыла бастады. Жоғары оқу орындарының оқытушылары жалақысын көтеру тапсырмасы да қазір жүзеге асырылуда», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, еліміздің жоғары оқу орындарында мамандар жұмыс берушілердің талабына сай әзірленеді. Демек, университет бітірген түлектің жұмысқа орналасу көрсеткіші арқылы ЖОО-дағы білімді бағалауға болады.

«Мәселен, Еуразия ұлттық университеті түлектерінің 80 пайызға жуығы жұмысқа орналасады. Оған университеттің өзіндік имиджімен қатар түлектерге қойылатын талабы да септігін тигізіп отыр. Бұған қоса, университет әлемдік рейтингтерге жоғары орында келе жатыр», – дейді Ерлан Сыдықов.

Ал Қазақстан университеттері қауымдастығының президенті Рахман Алшанов студенттерге дұрыс білім бере алмайтын жоғары оқу орындарын лицензиядан айыру дұрыс екендігін айтады.

«Еліміздегі кейбір университеттердің 45-50 лицензиясы бар. Ал сол лицензия бойынша білім алатын студенттердің саны кейбірінде 2-3 адам ғана. Мұндай жағдайда қандай білім болмақ? Сондықтан қазіргі уақытта бірқатар универсиеттің лицензиясы қайтарылып отыр», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды

Мәслихат өз отырыстарын міндетті түрде онлайн көрсету керек

Коллекторлар миллиардтаған теңге бюджет қаражатын жасырып қалған

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»