«Ешкі әйел» бір жылда екі рет егіз босанды

Флорида штатының Вест-Палм-Бич қаласында тұратын Александрия Уоллистон бір жылда екі мәрте құрсақ көтеріп, екеуінде де егіз бала, яғни, бір жылда төрт нәрестені өмірге әкелген, деп хабарлайды WPTV-TV.

Алматы, NEGE. Алтын құрсақты әйел 2019 жылдың наурыз айында ғана Марк пен Малахи атты егіз ұлдарын босанған еді. Содан мамыр туғанда-ақ ол өзінің тағы да жүкті болып қалғанын байқайды. Сөйтіп, 27 желтоқсанда перзентханаға түсіп, Кайлен мен Халепті көтеріп қайтқан.

«Мен бір жылда джекпотты екі рет ұрған сияқтымын», депті Александрия төрт нәрестесін көтеріп тұрып. Рас-ау. Әйтпесе, бір жылда екі рет туу дегенді қазақ ешкіден ғана көрмеуші ме еді?!

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін