Ержет Жарылқасын UWW Әлемдік рейтингінде көш бастады

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Ержет Жарылқасын Біріккен күресі әлемінің (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде бірінші орынға көтерілді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Ол Тирана (Албания) қаласында олимпиадаға кірмейтін салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсеткеннен кейін, тізімде жоғары көтеріліп, көшбасшы болды.

Чемпионатта Ержет 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығып, әзербайжандық Нихат Маммадалиға есе жіберді.

Дей тұрғанмен, Ержет Жарылқасынның қоржынында 47 000 ұпай бар. Маммадали 45 000 ұпаймен екінші орынға орналасса, үшінші орынға 31 000 ұпаймен армяндық Карен Асланян табан тіреді.

Қазір оқып жатыр

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты