Ержан Біржанов қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Ержан Біржанов Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі болып тағайындалды.

Алматы, NEGE. "ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Ержан Ерікұлы Біржанов Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Солтүстік Қазақстан заң академиясын, М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетін, Бизнес және халықаралық зерттеулер университетін (Швейцария) бітірген. Еңбек жолын 1999 жылы СҚО бойынша Салық комитетінің жергілікті салықтар секторының аға салық инспекторы болып бастады.