5 мая 2025 г. 9:21
Ержан Сүлейменов Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Ержан Әбілхасымұлы Сүлейменов 2025 жылғы 25 сәуірден бастап облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Алматы, NEGE. Ержан Сүлейменов1979 жылы дүниеге келген. Ол жоғары білімді, медицина ғылымдарының докторы. Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Әр жылдары денсаулық сақтау ұйымдары мен медициналық білім беру мекемелерінде басшылық қызметтер атқарған.
2015–2017 жылдары Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болды.
2024 жылдың шілдесінен бері «Global Health Solutions» ЖШС-да бас медициналық кеңесші болып жұмыс істеді.
Ол «Қазақстан Республикасы медицина саласының үздігі», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған.