Ержан Ыбыраев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

gov.kz

Алматы, NEGE. «Ержан Уақасұлы Ыбыраев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды», - делінген хабарламада. 

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар бұған дейін аталмыш қызметті атқарған Қуанышбек Үштаев Мемлекет басшысының өкімімен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды.