Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс сотқа жолданды

Полиция Алматының бұрынғы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

gov.kz

Астана, NEGE. Іс материалдары мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соттың қарауына жолданған.

Астана қалалық сотының баспасөз қызметі Nege.kz порталына істі судья Айжан Құлбаева қарайтынын хабарлады. Алайда айыпталушы Ербол Каукетаевқа қатысты сот процесінің ашық немесе жабық форматта өтетіні әзірге белгісіз.

Алдын ала сот отырысы 19 қаңтарға жоспарланған.

Еске сала кетейік, Ержан Бабақұмаров өткен жылдың қазан айында кісі қолынан қаза тапқан. Полиция таратқан алдын ала мәліметке сәйкес, Бабақұмаров пен оның танысы арасында сөзге келіспеушілік туындап, жанжал төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 56 жастағы Ержан Бабақұмаров алған жарақаттарынан көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?