«Суретке түспек болған»: Ертіс өзенінде мұз астына құлап кеткен әйел құтқарылды

Бүгін Павлодар қаласының Орталық жағалауында Ертіс өзеніндегі рейдтік іс-шаралар барысында ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мұздың астына құлап кеткен адамды көріп қалды.

Pixabay

Алматы, NEGE. Құтқарушылар көмекке асықты. Олар 1994 жылы туған әйелді жедел түрде судан шығарып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, содан кейін оны жедел жәрдем қызметерлеріне тапсырды.

Белгілі болғандай, ол сүретке түсу үшін жұқа мұзға шыққан, бірақ мұз шыдамаған соң суға түсіп кеткен.

Құтқарушы Данил Соловей мұзға шығуға тыйым салынғанын еске салды.

«Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары мен қонақтары, ауа райына байланысты мұздың құрылымы тұрақсыз. Мұзға шықпауды өтінеміз. Өзіңізге және өміріңізге қауіп төндірмеңіз. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Айды зерттеу – Қазақстан ғылымының жаңа бағыты