Ертіс өзенінен әйелдің мәйіті табылды

Өскеменде «Восточник-3» бау-бақша серіктестігі ауданында әйел адамның мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

«12 мамырда Өскемен қалалық ІІБ-не Үлбі полиция бөлімінің «102» арнасына «Восточник-3» ш/а ауданында Ертіс өзенінен мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті белгіленген тәртіппен тіркелді», - деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ведомствода өлімнің себебін анықтау үшін бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201 бабына сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.