«Ертіс орманы» резерватындағы өрт: Үш өңірден қосымша күш тартылды
ТЖМ күштері мен құралдары «Ертіс орманы» резерватында орман өртін сөндіруге жұмылдырылуда, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Орман өртін сөндіруге жеке құрамның 200-ге жуық адамы және 50-ден астам техникасы жұмылдырылды. Өрттің болжамды ауданы 800 га. Елді мекендерге қауіп жоқ. Орман өртін сөндіруге қосымша Астана қаласы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының ТЖД күштері мен құралдары 150-ге жуық адам және 30-дан астам техника жіберілді. Өртті сөндіру қатты желдің салдарынан өрттің тез таралуымен қиындауда.