ERTIS футбол клубының директоры бір жылға сотталды
Павлодардағы ERTIS футбол клубының директоры сотталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Павлодар, NEGE. Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті "ERTIS" футбол клубы" қоғамдық қорына қатысты бюджетке салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеп, аяқтады.
Тергеу барысында 2019 жылы ERTIS футбол клубының директоры салық органына декларацияны бұрмаланған мәліметтермен толтырып, тапсырғаны анықталды. Осылайша ол мемлекетке төленбеген салық түрінде 193 миллион теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлады ҚМА баспасөз қызметі.
Футбол клубы директоры 3 жылға қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 1 жылға сотталды.