«Ertis» командасының бас бапкері қызметінен кетті

«Ertis» футбол клубының бас бапкері Николай Гавриш командасымен қош айтысты. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Ertis фк

Алматы, NEGE. «Бас бапкер өз еркімен клубтағы қызметінен босады. Николай Гавришке Қазақстан Премьер-лигасында ойнайтын командадан ұсыныс түскен. Ол өзінің бапкерлік қызметін өзге командада жалғастырады», - деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметінен.

Николай Гавриш биылғы маусым айында «Ertis» командасының тізгінін қолға алған болатын. Оның жетекшілігімен павлодарлық клуб Екінші лигада 13 ойын өткізіп, оның 12-сінде жеңіске жетті. Ал ең бастысы ол «Ertis» командасын Екінші лигадан Бірінші лигаға алып шықты.

Ол — Қарағанды қаласының тумасы. 2024 жылғы маусымды «Екібастұз» футбол командасында бас бапкердің ассистенті болып бастаған.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды