Ертеңнен бастап қоғамдық көліктер тоқтайды
1 қарашада, жексенбі күні елордада қоғамдық көлік жүрмейді, деп хабарлайды «City Transportation Systems» ЖШС.
Алматы, NEGE. «Еске саламыз, 1 қарашада, жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес елордадағы қоғамдық көлік жүрмейді.⠀ Дүйсенбі, 2 қарашадан бастап қалалық және қала маңындағы бағыттар өз жолаушыларын әдеттегі кесте бойынша күтеді. Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді», делінген компанияның Instagram парақшасында.