Ертеңгі ауа-райы қандай?

Синоптиктер 27-29 маусым күндері ауа райы қандай болатынын айтты.

Алматы, NEGE. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері күн суытады.

«Демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі белсенді циклондық қызмет аймағында болады. Солтүстік циклондар сериясы солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерге мол жауын мен айтарлықтай суық әкеледі: республиканың солтүстік жартысында түнде температура плюс 2-10 градусқа дейін, күндіз плюс 10-18 градусқа дейін төмендейді. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты желдің күшеюі, дауыл және бұршақ күтіледі», – дейді «Қазгидромет» өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Түркияда Қазақстан азаматын атып кетті

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі