Ертең қазақстандық 4 боксшы АҚШ-та жекпе-жекке шығады

5 маусым, жексенбі күні таңертең Миннеаполис (АҚШ) қаласында төрт қазақстандық боксшы жекпе-жекке шығады.

Алматы, NEGE. Олар – Бек Нұрмағанбет (6-0, 4 КО), Евгений Павлов (6-0, 4 КО), Абылайхан Жүсіпов (1-0, 0 КО) және Әбілхан Аманқұл дебюттік айқас өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz. Бокс кешінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 07:00-де басталады. Бек Нұрмағанбет америкалық Хайнелл Уилермен (7-1, 6 КО) кездеседі. Суперорта салмақтағы бұл жекпе-жек алты раундқа есептелген. Нұрмағанбет – кәсіпқой бокста WBA International чемпионы.

Евгений Павлов мексикалық Алексис Салидомен (2-2, 1 КО) айқас өткізеді. Кездесу алты раундқа жоспарланған. Павлов та WBA International чемпионы (екінші жеңіл салмақтағы). Абылайхан Жүсіпов кәсіби мансабындағы екінші айқасында тәжірибелі мексикалық Эдгар Рамиреспен (18-20-1, 14 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек жартылай орта салмақта төрт раундтық форматта өтеді. Жүсіпов әуесқой бокста екі рет Қазақстан чемпионы атанған, сондай-ақ үш рет әлем чемпионатының «қоласын» жеңіп алды. Әбілхан Аманқұл кәсіби рингте дебюттік айқасын өткізеді: ол америкалық боксшы Девонте Макдональдпен (1-0, 1 КО) айқасады. Жекпе-жек төрт раундқа жоспарланған. Аманқұл әуесқой бокста үш рет Қазақстан чемпионатын жеңіп алды, сондай-ақ әлем чемпионатында «күміс» жүлдеге ие.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды