Ертең Қазақстан құрамасы Ақ Олимпиадаға аттанады

2022 жылғы Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін XXIV Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы ертең, яғни 27 қаңтар күні аттанады.

Алматы, NEGE. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлағандай, қазіргі таңда қазақстандық атлеттер жабық карантин аймақтарында орналасқан. Команданың негізгі бөлігі Нұр-Сұлтан мен Алматы арқылы чартерлік рейспен Қытайға ұшады. Ал шетелдерде оқу-жаттығу жиында жүрген спортшылар жеке график бойынша Бейжіңге сол өздері тұрған елден төте ұшып барады.

Айта кетейік, аталған Ақ Олимпиадада еліміздің намысын 34 спортшы қорғайды.

Олар - қысқы спорт ойындарының ішінде спортттың шаңғы жарысы, фристайл-могул, шаңғы акробатикасы, тау шаңғысы, шаңғымен секіру, биатлон және шорт-трек түрлерінен жүлделі орындарға таласады. Олимпиада ойындары 4 ақпан күні басталып, 16 ақпанда мәресіне жетеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл ойындарға әлемнің 95 елінен 4 мыңнан астам спортшы қатысады. Онда 109 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр