Ертең ел үкіметінің жаңа құрамы белгілі болады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ кеңесі сессиясының отырысында ертең, яғни 11 қаңтарда парламентке ел үкіметінің жаңа құрамы туралы ұсыныстар енгізетінін айтты.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ кеңесі сессиясының отырысында ертең парламентке ел үкіметінің жаңа құрамы туралы ұсыныстар енгізетінін айтты.

«Ертең парламентке үкіметтің жаңа құрамы туралы ұсыныс енгіземін және әлеуметтік-экономикалық саладағы өзекті мәселелерді шешуге қатысты нақты тапсырма беремін. Жақын уақытта ауқымды антитеррористік операция бітеді және сонымен бірге ҰҚШҰ контингентінің сәтті миссиясы аяқталады», – деді Қ.Тоқаев.

Естеріңізге салайық, Қазақстанның әр аймағында бір мезетте басталған лаңкестік әрекеттерден соң Президент Қ.Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшыларына жүгініп, елге ұйымның әскерін кіргізуді сұраған. ҰҚШҰ-ға мүше елдердің басшылары Қазақстан президентін бір ауыздан қолдады.