Ертең Екібастұзда балабақшалар жұмыс істемейді

Екібастұз қаласындағы жылу-электр орталығы мен жылу құбырларындағы апаттық жағдайларға байланысты кейбір әлеуметтік нысандардың жұмысы өзгереді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. Кеншілер шаһарындағы қиын жағдайға тап болған балаларға арналған орталықтың 36 тәрбиеленушісі облыс орталығындағы №7 мектеп-интернатқа ауыстырылды.

"Жас өркен" жасөспірімдер үйінің 11 тәрбиеленушісі де әзірше павлодарлық мектепте болады.

Ал облыстық көпсалалы лицейдің 29 оқушысы уақытша "Білім инновация" лицейінде оқитын болады.

Сондай-ақ ертең Екібастұз қаласындағы мектептер қашықтан оқу режиміне көшіріледі. Балабақшалар жұмыс істемейді.

Жалпы шаһарда 25 мектеп пен 21 341 оқушы бар.