Ертең доллар бағасы төмендейді

Теңгеге қатысты доллардың ресми бағамы тағы да төмендеді. Ұлттық банк 3 ақпандағы АҚШ валютасының бағамын атады.

Алматы, NEGE. Сәрсенбіде теңгеге шаққандағы доллардың ресми бағамы 423,74 теңге болады. 2 ақпандағы доллардың бағамы 424,16 теңге.

KASE күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 423,74 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта Алматының ақша айырастау пункттерінде америкалық долларды сатудың орташа курсы 424,90 теңге, ал сатып алу 423,36 теңге.

Нұр-Сұлтанда ақша айырастау орындары америкалық валютаны орта есеппен 424,17 теңгеден сатады, 423,02 теңгеден сатып алады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр