Ертең білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланады
5 тамыз күні сағат 12:00-де мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы жарияланады.
Алматы, NEGE. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында жарияланады.
Ұлттық бірыңғай тестілеу басталғаннан бері үміткерлердің 78%-і шекті балл жинады, ал орташа балл 69 болды.